«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Облыс оқушылары Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсында жүз пайыз нәтиже көрсетті

2026 жылғы 15-17 сәуірде Астана қ. Т.Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейі базасында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурсқа Қазақстан, Түркия және Тайланд елдерінен 135 оқушы қатысты.
Қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы математикалық әдістер» және «Механика» секцияларында жобаларын таныстырды.
Қостанай облысының атынан Қостанай қаласынан, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 11-сыныптың 5 оқушысының 4 жобасы ұсынылды.
Конкурстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың жобалары жүлделі орындарға ие болды:
• күміс медаль - Бекмұхамбетов Ілияс (Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ) «Қолданбалы математика» секциясында;
• қола медальдар - Есенкұлов Ғасыр (Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ) «Экономикадағы математикалық әдістер», Егінбаев Саябек пен Кускадамова Сабина («Озат» МАТМЛИ) «Механика» секциясында және Искаков Ануар (Қостанай қаласы Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі) «Математика» секциясында қазылар алқасының мүшелерімен дипломдармен марапатталды.

Оқушыларды және олардың тәлімгерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!