«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектебіміздегі «Даналық мектебі» клубының аясында «Ырым, тыйым, мақал-мәтел – әдептілік негізі» тақырыбында тәрбиелік мәні зор «Әжелер мектебі» іс-шарасы ұйымдастырылды!

«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.

Кездесу барысында әжелеріміз тыйым сөз, ырымдардың мәнін ашып, мақал-мәтелдердің адам тәрбиесіндегі орнын түсіндірді. Білім алушыларымыз өз шығармашылығымен бөлісіп, ән айтып, күй тартып, өлең оқып ерекше көңіл-күй сыйлады!

Кешіміздің ардақты қонақтары- әжелер де өз өнерлерін ортаға салды.

Әр әулеттің асыл қазынасы – ардақты әжелерімізге шәкірттерімізге алтын уақыттарын арнағандары үшін шынайы алғыс айтамыз

Іс-шара ұйымдастырушылары Самратова Ұмсынай Муктаркызы және Хамзина Асел Амаржановнаға алғысымызды білдіреміз!