«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Жас мамандар апталығының ашылуы туралы ақпарат

2023 жылдың 2 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында» КММ «ЖАС STAR – жарқын болашақ иесі» атты жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті.

Жастар апталығының мақсаты: Жас мұғалімдердің заманауи талапқа сай шығармашылық білімін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалім беделінің жоғарылауына жол ашу.

Апталықтың ашылуы мектеп дәлізінде 08:00 басталды. Мектеп ұжымы арнайы жасалған «жұлдызнаманы» тыңдап, «Сиқырлы QR кодтар» таңдап, сол арқылы кішігірім сыйлықтарға ие болып жақсы көңіл күймен өз күндерін бастады.

Апталық барысында:

  • «Сиқырлы QR код»
  • Мұғалімдерге арналған «Мобилография» шебер-сыныбы
  • «Жүйрік болсаң, озып көр!» квест ойыны
  • «COLOUR party» салтанатты жиыны өткізіледі.

Күтілетін нәтиже: Жас мамандардың кәсіби және жеке дамуын ынталандыру, мектептің нәтижелерге жетуіне өз үлестерін қосуға көмектесу.

Апталықты қорытындылау мен марапаттау рәсімі 04.05.2023 ж. Рәсім залында өткізіледі.