Бүгін мектебіміздің шәкірттері облыстық «National Robotics Games» атты робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар жарысында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді!
Инновация мен креативті тоғыстырған «StoryCraft AI» шығармашылық санатында мектебіміздің 11 - сынып оқушылары Әуесхан Фархад пен Бекқали Мұрат бақ сынап, жүлделі 1 - орынды иеленді.
Оқушылардың заманауи технология тілін меңгеруіне жол сілтеп, білімімен бөліскен жетекшісі - информатика пәнінің мұғалімі Қазбекқызы Қасиетке алғысымыз шексіз!
Жас өрендерімізді биік белестерімен құттықтаймыз! Болашақ IT - мамандарының қадамы сәтті болсын!




























































































