2026 жылғы 31 тамызда мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылындағы білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындау және педагогикалық ұжымның алдына қойылатын міндеттерді нақтылау.
Кеңес барысында «2026–2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат қарастырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары талқыланды.
Сонымен қатар мектептің жаңа оқу жылындағы жұмыс регламенті, ішкі тәртіп ережелері, мектепке қабылдау қағидалары қаралып, тиісті құжаттарды бекіту мәселелері қарастырылды.
2025–2026 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындыларына талдау жасалып, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдіру бағыттары айқындалды.
Жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқу жоспарының вариативтік компоненті, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, сынып жетекшілері мен кабинет меңгерушілерінің тізімі бекітілді.





























































































