«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

«Заң мен тәртіп жолында бірге» атты Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ата-аналарға маңызды профилактикалық бағыттар бойынша ақпарат беріліп, мамандардың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, нашақорлықты, лудоманияны (құмар және компьютер ойындары) алдын алу. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс және көңіл көтеретін орындарда заңды өкілдерінсіз жүргені үшін ата-аналардың жауапкершілігі»

«Балалар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольды, темекі өнімдері мен энергетикалық сусындарды қолданудың алдын алу»

«Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу»

«Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау» – мектеп әкімшілігінің баяндамасы.

Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік.