«Заң мен тәртіп» айы аясында кездесу
«Заң мен тәртіп» айы бағдарламасы аясында интернат тәрбиеленушілерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қостанай облысы Полиция департаментінің
отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Мұратбек Әсел Жүсіпқызы,
табиғатты қорғау полициясының инспекторы, полиция майоры Шыканов Қанат Дюсенбекович қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға:
заң талаптары,
құқық пен жауапкершілік,
отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу,
қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызы туралы түсіндірілді.
Тәрбиеленушілер сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.






































































































