Ыбырай шәкірттері – телеарна төрінде!
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал жас өрен» жобасының «Мамандықтар әлемі» бағыты бойынша 9 «А» сынып оқушылары облыстық «Қостанай» телеарнасына танымдық сапар жасады.
Сапар барысында оқушылар телеарнаның тыныс-тіршілігімен танысып, студияларды аралап, шығармашылық ұжымның жұмысын көзбен көрді. Тележүргізушілермен жүздесіп, мамандықтың қыр-сырын білді. Тіпті дыбыс жазу процесіне қатысып, өздерін жаңа рөлде сынап көрді
Бұл кездесу оқушылардың медиа саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға үлкен бағыт берді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «Әкелер одағының» төрағасы Заңғар Санай мырзаға алғыс білдіреміз!





























































































