Ыбырай шәкірттері – ұлттық спорт әлемінде!
29 сәуір күні «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал жас өрен» жобасының «Мамандықтар әлемі» бағыты бойынша 7 «Б» сынып оқушылары Арғымақ ипподромына танымдық сапар жасады.
Сапар барысында оқушылар ипподромның тыныс-тіршілігімен танысып, атқа мініп, ұлттық спорттың қыр-сырын іс жүзінде көрді. Ұлттық спорт жанашырларымен кездесіп, олардың тәжірибесі мен құнды кеңестерін тыңдады.
Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттырып, еңбекқорлыққа, төзімділікке және салауатты өмір салтына баулуға зор ықпал етті.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «Әкелер одағының» мүшесі, ұлттық спорт мектебінің директоры Дарменбаев Серік Мешітбайұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!




























































































