«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ыбырай мектебінің мақтаныштары!!
Бүгін мектебіміздің Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Сюндикова Данагуль Жаппасбаевнаның қатысуымен "Сен үздіксің!" атты марапаттау рәсіміне қатысты.
Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз ақшалай сертификаттармен, ал ұстаздарымыз Қостанай облысы әкімінің алғысхатымен марапатталды.
✨ 11 "Б" сынып оқушысы Утилиева Айдана - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ дәрежелі жеңімпазы, Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ дәрежелі жеңімпазы.
Олимпиада жетекшісі:Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейткожина Шолпан Курмангалиевна.
Ғылыми жоба жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Жаппасбаева Гүлбаршын Айткуловна.
✨ 10 "Б" сынып оқушысы Амангелді Айханым - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтасова Ботагөз Шаяхметовна.
✨ 11 "А" сынып оқушысы Тулебай Нурикамал - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Еслямгалиева Зоя Сейсембаевна.
✨ 10 "Б" сынып оқушысы Әлтай Нұрғалым - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының І дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Манасбаев Шотбай Имашевич.
✨ 11 "Б" сынып оқушысы Даушева Айя - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Зулгариев Риза Дуйсенбайулы.
✨  9 "А" сынып оқушысы Есенқұлов Ғасыр - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугуманов Ағыбай Карынович.
✨ 11 "Б" сынып оқушысы Мырзатаев Нұралы - жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ дәрежелі жеңімпазы.
Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Жаппасбаева Гүлбаршын Айткуловна.
Оқушыларымызды және ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз !!!