«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

24 сәуірде Рудный қаласындағы «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстым.
Конференцияны Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының орынбасары Бегатаров Ардақ Құрмашұлы құттықтау сөзімен ашты.
Конференция спикелері:
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты – Жақып Қ.Х.;
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ректоры – Ещанов Т.Е.;
М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің директоры – Жанаева Ш.А.;
ҚР Халық ағарту ісінің үздігі – Суйинкина Б.Б. және т.б. танымал тұлғалар болды.

Пленарлық отырыстан кейін секцияларда Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасын заманауи білім беру контекстінде талқылау, озық әдістемелер мен инновациялық тәсілдерді ортаға салу мүмкіндігі туды.#ыбырайалтынсарин185жыл жыл