«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектебіміздің 1966 жылғы түлегі ардақты ұстаз, қадірлі тұлға Қалқаман Хасенұлы Жақыпты мерейлі 80 жасымен және білім саласындағы ең жоғары марапаттардың бірі – «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз саналы ғұмырыңызды ұрпақ тәрбиесіне, білім мен ғылымға арнап, ел игілігі жолында аянбай еңбек еттіңіз. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз әрі қоғам қайраткері ретінде қалыптастырған мол мұраңыз – кейінгі буынға мәңгілік өнеге.

Құрметті Қалқаман Хасенұлы!

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа, әр сәтіңіз шаттыққа толы болсын! Отбасыңыз аман, абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем бола берсін!