«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ІЗБАСАРЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ
2026 жылдың 20 сәуірінде Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы 83 мектеп-гимназиясында өткен «Ұлттық педагогиканың қалыптасу тарихы және заманауи білім берудің басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстым.
Конференция мектеп-гимназиясы ауласындағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, салтанаты сахналық қойылыммен жалғасты.
Пленарлық бөлімде Назарбаев Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы А. С. Ісмақова, Торғай музейлер кешенінің басшысы Г. Қ. Сәрсекей, Муғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, PhD доктор Экрем Аян, филология ғылымдарының докторы, профессор Ф. С. Сәйфуллина (Татарстан Республикасы), С. А. Өтелбаева баяндама жасады.
Конференция сессиялық жұмыстарымен жалғасын тапты.

Ыбырай Алтынсарин мұрасын білім беру үдерісінде дамытудағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.