«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ыбырай Алтынсарин ашқан мектебіміздің 140 жылдығын тойлауға арналған іс - шаралар легі басталды!!! Ақпан айының 26 күні мамандандырылған мектептердің ата - аналары арасында волейболдан достық кездесу өтті.

Бұл кездесудің басты мақсаты - мамандандырылған мектептер арасындағы бірлікті арттыру, етене араласып, үндестік орнату. Бұл іс - шараға Білім - Инновация лицей - интернаты оқушыларының ата - аналары келді. Тартысты ойын нәтижесінде қонақтарымыз жеңіске жетті, командалар I II орын медальдарымен марапатталып, «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болды. Белсенділік танытып, тартысты ойын көрсеткен ата - аналарға алғыс білдіреміз!