«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

29 сәуір күні мектебімізде Ybyrai CUP II облыстық дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Қостанай облысының 24 командасы қатысты. Атап айтқанда: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, Мендіқара ауданы, Әулиекөл ауданы, Қостанай ауданы, Федоров ауданы, Қостанай қаласының мектептері, Қостанай облыстық мектептері, НЗМ мектептерінен командалар қатысты.

Нәтижелер:

Негізгі финал жеңімпаздары

1-орын. Физика математика бағытындағы НЗМ Қостанай, Last change командасы - Қалиолла Жансерік, Сейтхан Бексұлтан.

2-орын. Қостанай ауданы балалар шығармашылық үйі. Ғаламат ғасыр командасы - Кункабаев Айбол, Кункабаева Аяжан.

3-орын. Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ және А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ. Малефисента командасы - Кенжебекова Жазира, Артықбай Индира.

Үздік спикер - Қалиолла Жансерік. Физика математика бағытындағы НЗМ Қостанай.

Арнайы финал жеңімпаздары.

1-орын. Әулиекөл ауданы. Ontogyztoqsanbir командасы - Асан Айалы, Монтай Гульнур.

2-орын. Қостанай ауданы, Н. Наушабаев атындағы МГ. Оян қазақ командасы - Қайырғали Ботагөз.

3-орын. Мендіқара ауданы. Жастар командасы - Есенова Жанерке, Маратқызы Ақниет.

Үздік спикер - Есентемирова Анара, Қостанай қаласы 28 МГ.

Үздік төреші - Гаппаров Бекзод, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ.

Бас төреші - Орынбаев Абзал, мектептің 2017 жылғы түлегі, жеке кәсіпкер.

Бас ұйымдастырушы - Гаппаров Жахонгир Абдразакович.

Турнирге арнайы келесі төрешілер шақыртылды.

Дарын ӨҒПО аға әдіскері - Аканбаев Баглан Нурланович. Қостанай ауданы балалар шығармашылық үйінің дебат клубы жетекшісі - Калиев Дастан Дүйсенұлы.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Озат" МАТМЛИ тарих пәні мұғалімі Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы.

Қостанай қаласы 15 ЖББМ мұғалімі - Арыстан Нұралы Нұрланұлы.

Қостанай өңірлік университетінің "Парасат" және "Ахмет ұрпақтары" дебат клубтарының студенттері.