YAMUN-2026
2026 жылғы 21 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында дәстүрлі YAMUN конференциясы алтыншы рет жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл зияткерлік алаң жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жаһандық мәселелерді талқылауға және дипломатиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды білім беру жобасы.
Биылғы Ыбырай Алтынсарин БҰҰ Моделі Қостанай қаласы мен облыстың әр өңірінен келген 23 мектептің 123 оқушысын біріктірді. Қатысушылар БҰҰ форматындағы комитеттерде өзекті халықаралық тақырыптарды талқылап, пікірталас жүргізіп, шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысты.
Конференция екі сессиядан тұрып, комитеттер қарастырған мәселелер бойынша резолюциялар қабылданды.
Іс-шара барысында оқушылар зерттеу жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу, келіссөздер жүргізу және командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді. Дайындық жұмыстары алдын ала жүргізіліп, демеушілердің қолдауымен жеңімпаздарға мүсіншелер, дипломдар және STEP білім беру орталығы оқу орталығында білім алуға жеңілдік сертификаттары табысталды.
Конференцияның табысты өтуіне қолдау көрсеткен ДАРЫН орталығы, DOSTYK, STEP және POZITIV ұйымдарына ерекше алғыс білдіреміз.
Ыбырай Алтынсарин есімімен аталатын бұл конференция жас буынды елжандылыққа, жаһандық ойлауға және жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды дәстүрлі білім беру алаңы болып қала береді.






































































































