18 сәуір күні Ыбырай Алтынсариннің Торғай даласында ашқан мектебінің 160 жылдығына орай Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты Қазақстандағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептердің мектеп парламенті ұйымының мүшелері арасында телекөпір ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылы және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, Қарағанды және Сәтпаев қалаларындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейлер және Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы BINOM мектебі қатысты. Телекөпір барысында мектептердің тарихына шолу жасалып, мектеп парламенттерінің бірге өткізе алатын іс-шаралары жайлы ұсыныс жасалып, жоспарлар құрылды.
Қатысушыларға алғыс білдіреміз!






































































































