Қазіргі таңда дарынды балалардың дарындылығын анықтау, ұштау, дамыту мақсатында білім жүйесінде атқаралып жатқан жұмыстар баршылық. Сондай мектептердің бірі – Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған – мектеп-гимназия-интернаты. Бұл мектепте облыс көлемінен жиналған дарынды оқушылар білім алады. Ал, ұстаздар қауымы олардың дарындылығын ұштау мақсатында толып жатқан жұмыс түрлерін жүргізіп келеді. Олардың дарындылық ұштау туралы отырыс мектеп-гимназия интернатының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдістемелеік бірлестіктің пән мұғалімдері.
Бүгінгі отырыстың тақырыбы - «Дарынды балалармен жұмыс істеу және ұйымдастыру». Көтерілген тақырып бойынша екі мұғалім баяндама жасады. Тарих пәнінің мұғалімі Туралина Р.М өзінің баяндамасында тарих сабағында оқушылардың дарындылығын дамытудың маңызды екенін айта келіп, бұл пәннің олардың зияткерлік қабілетін, сыни ойлауын, зерттеу дағдыларын және шығармашылық әлеуетін арттыруға көмектесетінін айтып өтті.
Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар тарихи оқиғаларды тереңірек түсініп, тарихи деректерді талдауды үйренетінін айтып, оның қажеттелікітеріне тоқталып өтсе, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сальмагамбетова С.А «Қазақ тілі сабағында оқушылардың дарындылық жолдарын ұштастыру» тақырбында баяндама жасады. Өз баяндамасында дарынды оқушылардың қабілетін ұштау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылатынын айта келіп, дарынды оқушылардың ерекшеліктері мен олардың шығармашылық әлеуетін дамыту жолдарына тоқталып өтті. Олардың қатарында: жылдам ойлау және стандарттан тыс шешім қабылдау қабілеті, қоршаған ортаға деген жоғары қызығушылық,тілдік қабілеттің жоғары деңгейде дамуы, шығармашылық әлеуетінің жоғары болуы, логикалық және аналитикалық ойлау дағдыларының жетік қалыптасуына тоқталып өтті. Өз сабақтарында Сымбат Амангелдиевна оқушылардың дарындылығын ұштастыру үшін бірнеше бағытта жүргізілетінін айтып өтті. Олар:лингвистикалық қабілеттерді дамыту, мәтіндік талдау, шығармашылық эссе жазу, дебат, шешендік өнер сабақтары, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру, жобалық жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, оқушыларды олимпиада мен байқауларға дайындау, әдеби кейіпкерлер бейнесін түсіну және талдау және т.б






































































































