Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының Салауатты-эстетикалық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің №4 кеңесі өтті. Отырыстың тақырыбы: «Кәсіби сайыстарға қатысу үлесін арттыру». Отырыста 3 сұрақ қарастырылды. 1-ші сұрақ бойынша – III-тоқсан қорытындысы талқыланды. 2-ші сұрақ бойынша – Көркем еңбек пәні мұғалімі Саин Д.А. «Күрделі құрылғылардың прототипін жасау» тақырыбында баяндама жасады. Думан Асқарұлы өзіңнің облыстық, республикалық педагогикалық идеялар фестивалі сайысында қорғаған жұмысымен таныстырды және өзіңнің осы сайыс барысында көрген, білгенімен бөлісті. Кәсіби сайыстарға қатысудың артықшылықтарына тоқталды. Өзіннің ұсыныстарын білдіріп, баяндама соңында әріптестермен ой бөлісті. 3-ші сұрақ бойынша – Әдістемелік бірлестіктің апталығының жоспарын құру, бекіту. Әр әріптес өз ойымен бөлісті.








































































































