Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушылары қатысып, ұлт рухын асқақтатар тағылымды шараның куәсі болды. Шара барысында М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, оның ел тарихындағы алатын орны мен мұрасымен жақын танысты.
Әдеби кеште Міржақып Дулатұлына арналған жыр мүшайраларының жеңімпаздары өлеңдерін оқыды. Кеш соныңда Алаш қайраткері өміріне байланысты қызықты викториналық сұрақтар қойылды. Өз зеректілігімен , ұшқыр ойлылығымен сұрақтарға дәл жауап берген Камалиев Заңғар мен Саламатов Алишер ерекше көзге түсті. Ыбырайдың дарынды оқушыларына жергілікті ақын-жазушы, бірнеше кітаптардың авторы Әбутәліп Әмірдің құрастыруымен жарық көрген М.Дулатұлының ғибратты ойлары жазылған “Ояндың ба екен, қазағым?” жинағы табыс етілді. Кеш жылы да шабытты атмосферада өтіп, оқушылар мен қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.






































































































