«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында қарашаның 3-7 күндері аралығында «Туған тілім – мәңгі өнеге айбыным, әдебиетім – сарқылмайтын байлығым» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті апталығы басталды. Осы апталық аясында Ыбырай атаның туған күніне байланысты 9-сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы жасөспірімдер кітапханасындағы іс-шараға қатысты.

Аталған кешті Ыбырай мектебінің 9-сыныптың үздік оқушылары Муратбекова Дильназ бен Сапарғалиева Жансая асқан шеберлікпен жүргізді. Оқушылар Ы.Алтынсаринның көптеген өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар, өздері шығарған жүрек жарды өлеңдерін тарту етті.

Кеш жылы да шабытты атмосферада өтіп, оқушылар мен қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.