«Цифрлық дәуірдегі адал азамат: мектептегі тәрбие мен технологияның сабақтастығы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік
кеңестің кеңейтілген отырысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен 2026 жылдың 13 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында Білім инновация лицейімен бірлесіп “Цифрлық дәуірдегі адал азамат: мектептегі тәрбие мен технологияның сабақтастығы” тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды. Кеңес жұмысына білім беру ұйымдарының директорлары, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы және Қостанай дарыны өңірлік әдістемелік орталығы қатысты.






































































































