«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Lesson study – сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі. Биылғы жылы оқушылардың сабақтағы танымдық

белсенділігін және мәтіндік тапсырмалармен жұмыс істеу деңгейін арттыру мақсатында «Мәнмәтіндік тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту» зерттеу тақырыбы жалғастырылуда.Сабақты зерттеудің  екінші айналымның екінші сабағын 7 «Б» сыныпта география пәнінен Зейнуллина М.Ж. өткізді.

«Топырақтың экологиялық проблемалары  және оларды қорғау » тақырыбында оқушылар жеке,жұппен бірнеше мәнмәтіндік тапсырмалар орындады. Зерттеуші топ мүшелері зерттеу проблемасы аясында оқушылардың  әрекеттерін бақылап, оқушылармен сұхбаттасып, оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындады. Келесі айналымға сабақты жоспарлауда бірлесе отырып өз ұсыныстарын білдірді. Сабақты бақылаушылар: Туралина Р.М.,Тулегенова А.Т., Досжанова Ж.Т.