«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ -де ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 6-9 сынып оқушыларының Гете-институттың тіл көмекшісі Дэвид Прайбишпен және Slz-Kostanai неміс тілі орталығының директоры Оксана Дмитриевамен кездесуі өтті.

Кездесудің басында қонақтарға мектеп бойынша шағын экскурсия өткізілді. Содан кейін Дэвид факультативті курстар аясында неміс тілін үйренетін балаларға сабақ өткізді. Сабақ ойын түрінде өтті және оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған. Балаларға бұл іс-шара ұнады, олар Дэвидпен жақсы қарым-қатынас жасады. Бұл кездесу неміс тілін үйренуге деген ынтаны арттыруға және тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етті.