Бүгін «Зерде» ғылыми жұмыстар байқауына қатысатын 5–7 сынып оқушылары үшін «Табысқа жету жолында» тақырыбында психологиялық тренинг өткізділді.
Байқау – бұл қатысушылардың білім деңгейін тексеру ғана емес, сонымен қатар шығармашылық үдеріс. Бұл балалар үшін стандартты емес ортаға түсетін ерекше жағдай. Мұндай сәтте өзіне деген сенімділікті, жеке қабілеттерін, эмоционалдық тұрақтылықты дамыту, толқуды жеңе білу және сынды сындарлы түрде қабылдай білу өте маңызды.
Өкінішке қарай, мұның бәрі кейде екінші орынға ысырылады да, байқау кезінде бала қобалжып, қорқыныш сезінеді, тіпті үйренгенін ұмытып қалуы мүмкін. Сондықтан да баланың психологиялық дайындығы ерекше маңызға ие.







































































































