Челлендж: «Мен ҰСТАЗБЫН! Мен - Тәуелсіздік құрдасымын!»
Сейдахметова Гүлзат Сабитқызы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Мен - Тәуелсіздікпен құрдас ұрпақтың өкілімін.
Еліммен бірге қалыптасып, бірге өркендеп, бүгін оның ертеңін тәрбиелеп отырған ұстазбын.
Көркем еңбек - тек пән емес, ол баланың қиялын еркіндететін, ішкі талантын оятатын шығармашылық әлем. Осындай әсем әлемге оқушыларымды жетелеу - менің мақтанышым.
Тәуелсіздік рухында тәрбиеленген ұрпақ - біздің ең үлкен жетістігіміз.
Мен - ұстазбын.
Мен - Тәуелсіздік құрдасымын!
Мен еліммен бірге өстім.






































































































