Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, бүгінгі ұрпақтың бақыты, болашаққа бастар жарқын жол!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз биікте желбірей берсін!
Баршаңызға бейбіт өмір, зор денсаулық, табыс пен береке тілейміз!
Егемен еліміз жасай берсін!







































































































