«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

«Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес туралы ақпарат
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 2023 жылғы 27 наурызда «Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты - осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтап, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасу жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Педагогикалық кеңес барысында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Н. Серикбаева өз баяндамасында отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігіндегі басым бағыттарға тоқталып, ата-аналардың мектепке деген көзқарастары туралы сауалнама нәтежелерімен мектеп ұжымын таныстырды.
Келесі баяндамашы интернат меңгерушісі Б.К. Байдаулетова мектепішілік «Бір күн мектепте» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндасын таныстырды.
Интернат тәрбиешісі Н.Ш. Абишева білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыруға бағытталған «Ата-аналардың жұмысында бір күн» жобасы туралы және бұл жобаның мықты тұстарын атап өтіп, келер оқу жылында кеткен олқылықтар бойынша жұмыстарды жетілдіруді ұсынды.
Сынып жетекшілердің ӘБ жетекшісі А.О. Абдрахманова «Сынып ата-аналар жиналысының отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуіндегі рөлі» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімінде ұжымға психологиялық жағдаяттар беріліп, жағдаяттарды шешу жолдары ұжыммен бірге талданды.