«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектебімізде көп жылдар бойы қажымай еңбек етіп келе жатқан абыройлы ұстаз, өз ісінің нағыз маманы Сейткожина Шолпан Курмангалиевна Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің ең жоғары марапаттарының бірі - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды!
Шолпан Курмангалиевна - тек мектеп деңгейінде ғана емес, республикалық көлемде танылған сарапшы. Ол Білім мазмұнын сараптау орталығымен бірлесе отырып, отандық оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендердің сапасын арттыруға, білім мазмұнын заман талабына сай жетілдіруге өлшеусіз үлес қосып келеді. “Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі” демекші, Шолпан Курмангалиевнаның жетекшілігімен бірнеше шәкірті республикалық пәндік олимпиадаларда топ жарып, мектеп абыройын асқақтатты. Бұл марапат - ұстаздың білім беру саласындағы көпжылдық кәсіби шеберлігі мен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» деген асқақ атына сай ерен еңбегінің шынайы айғағы.
Құрметті Шолпан Курмангалиевна! Сізді марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, отбасыңыз аман, еңбегіңіз жемісті болсын. Ұлы ағартушы Ыбырай бабамыздың жолын лайықты жалғастырып, еліміздің білім саласын өркендетуге қосатын үлесіңіз таусылмасын!