«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Лингвистикалық пәндер апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында “Spelling Bee” сайысы болып өтті. Сайысқа мектеп бойынша шамамен  130 оқушысы қатысты. Сайыс 2023 жылдың 10-21 сәуір аралығында (бір апта бұрын басталып) өткізілді. Spelling Bee байқауының мақсаты:

- Оқушылардың сөздік қорларын кеңейтіп, ауызша сөйлеудегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.

Сайыстың ережесі бойынша оқушылар ағылшын сөздерін әріптеп айту керек болды. Сайыс кезеңдері жеңіл, орташа және оқылуы қиын сөздерді әріптеп айтудан тұрды. Нәтижесінде «Ең үздік Емлеші» “THE BEST SPELLER” атағын 5 В сынып оқушысы Садвакасов Алижан, 6 Б сынып оқушысы Сапабекова Айару, 7 А сынып оқушысы Холматова Ардақ жеңіп  алды. Қатысушылар сертификаттармен, ал женімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.