«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы – 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылатын республикалық бастама. Оның негізгі мақсаты – кітап оқуға деген құштарлықты арттырып, сапалы білім мен рухани құндылықтарға шақыру, кітап алмасу дәстүрін жаңғырту.






































































































