17 наурыз - Шаңырақ күні
Шаңырақ - бірліктің, отбасының, жылулық пен берекенің символы. Бұл күн - әр үйдің құт - берекесін арттырып, жақындарымызға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті еселей түсетін ерекше мереке.
Біз үшін ең қымбат жандар - отбасы мүшелерімізге алғыс айтып, шаңырағымыздың шаттығын бөлісетін күн. Әрбір шаңырақта күлкі мен қуаныш, татулық пен түсіністік орнасын!
Бірлік бар жерде - тірлік бар!
Әр шаңыраққа амандық пен береке тілейміз!





























































































