«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында мектебімізде Психологиялық қолдау апталығы өтуде.

Бүгінгі күн – жан жылуын, сенімділік пен қамқорлықты сезіндіретін ерекше күн болды.

Білім алушылар тыныс алу жаттығулары арқылы өздерін тыныштандыруды үйренді.

Ең алдымен психолог тыныс алу гимнастикасын жүргізіп, кейін мазасыздық пен шаршауды сейілтетін жеңіл жаттығулар өткізді.

Балалардың жүзіндегі күлкі, жеңілдік сезімі, бір-біріне деген қолдауы – осы жұмысымыздың ең үлкен нәтижесі.

Сыныптарда жайлы атмосфера қалыптасып, балалар өздерін еркін, сенімді және қуанышты сезінді.

Қолдау сезімі – әр баланың жүрегіне жылулық сыйлайды.