«Lesson Study» - сабақты зерттеу үрдісі
Жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сальмагамбетова Сымбат Амангелдиновна 7 «А» сыныбында «Тіл және технология» тақырыбында Lesson Study үрдісіне арналған екінші сабағын өткізді. Lesson Study аясндағы сабақ мұғалімдермен бірлесе жоспарланып, айқын сабақ мақсаты қолды. Деңгейлік тапсырмалар білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналғаны және өмірмен байланысы байқалды. Тапсырма төңірегінде мәтіндерді түсініп орындауға, сұрақтарға ден қоюға, мәмәтіндік тапсырмалардан ой қорытуға шақырып, қазақ тіліндегі дағдыларды да қалыптастыруға мән берді.
Сабаққа қызығушылыған ояту мақсатында «Мақалды тап» ойыны ойнатылып, қазіргі технологиялардың даму барысында тілдің де көптеген өзгерістерге ұшырауы жайлы ой қозғалды.
Келесі оқу мақсаттары қойылды: 7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау; 7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. Соған сәйкес «Жалған мәтін» әдісі арқылы мәтіндердің жігін ажыратып, олардың тақырыбын анықтау, «Мәтінді толықтыр» әдісі бойынша проблемалық сұрақтарға жауап беру және «SWOT-талдау» әдісі бойынша сабақта жинақталған білімді Padlet платформасы арқылы барлық сыныппен талдау жұмысы жүргізілді.
Білім алушылар тапсырмаларды тиянақты орындап, тақырыпқа сәйкес білімдерін толықтырды. Балалау парақтары арқылы өздерін бағалап, оқушылар алған білімдері бойынша өз білімдерін саралап, жинақтап, бағалай білуге тырысты, сабақ соңында А деңгейіндегі оқушыдан сұхбат алынып, кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.







































































































