Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Салмағамбет Нұрболат Амангелдіұлы Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысып, шығармашылық және кәсіби шеберлігін көрсетіп, дарынды оқушыларды оқытудағы ерекше жетістіктері үшін грамотамен марапатталды.
Бұл марапат жас мұғалімнің педагогикалық жолындағы маңызды қадам болып табылады. Нұрболат Амангелдіұлы оқытуда инновациялық әдістерді енгізіп, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді. Біз жас мұғалімге болашақта одан да үлкен жетістіктерге жетуді тілейміз!








































































































