Салауатты өмір – жарқын болашақтың кепілі!
«Өмірге салауатты қадаммен» атты Салауатты-эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында НИШ командасымен «Дарын» құрамасы арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, өзара сыйластық пен командалық рухты да жоғары деңгейде көрсете білді. Жарыс тартысты әрі әсерлі сәттерге толы болды
Осындай іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәні мұғалімі Сыптаев А.К.





























































































