11.01 күні ағылшын тілі пәні бойынша «Мән-мәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» мақсатында LS сабақтар тізбегінің жоспарға сай екінші зерттеу сабағының бірінші айналымы өтті.
Сабақты 5 «Б» сыныбына С.С. Қазман күнтізбелік жоспар бойынша «Adjectives» тақырыбында өткізді. Сабақта білім алушылар кестемен жұмыс жасады. Берілген кестедегі мәліметтермен өздері мәтін құрастырып, сол бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ жоспары алдын ала талқыланды, оқушылардан кері байланыс алынды.
Сабақты бақылаушылар: Байсингирова С.М., Габдуллина А.Е., және Мурат А.К. сабақтан кейін отырыста талқылау жұмысын жүргізіп, келесі сабаққа жоспар құрылды.







































































































