Біздің мектебімізде «Психологиялық қолдау апталығы» аясында 2025 жылдың 20–28 қарашасы аралығында 5-9 сынып оқушыларымен өміршендік, күйзеліске төзімділік, эмоцияларды басқару дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық тренингтер өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар түрлі жаттығулар орындап, бір-біріне қолдау көрсетуді, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды, өз сезімдерін түсініп, реттеуді үйренді.
Балалар ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысып, жақсы көңіл күйде болды
Бұл апталық оқушылардың өзін-өзі тануына, сенімділігін арттыруға және мектептегі жылы атмосфераны қалыптастыруға ықпал етті






































































































