"Отан даңқы мен Ұлы Жеңістің құрметіне" тақырыбында Ерлік сабағы
Мектебімізде Ұлы Жеңістің маңызын дәріптеп, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру мақсатында «Ерлік сабағы» ұйымдастырылды.
Шараның құрметті қонағы – Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Бимаганбетов Ерланғали Әмірғалиевич болды.
Ерланғали Әмірғалиевич – Қазақстан Республикасы бойынша «Үздік АӘжТД жетекшісі – 2025» номинациясының жеңімпазы
Кездесу барысында оқушылар ерлік, батырлық, Отанға қызмет ету туралы құнды мәліметтер алып, қонақпен еркін пікір алмасты. Мұндай тағылымды сабақтар жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін нығайтады.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!





























































































