Кешегі күні, яғни, 5 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайында 7-сыныптар арасында “Үміт еткен достарым” атты блиц-турнир өтті. Оқушыларды өз ана тілінің құдіретін, қадір-қасиетін түсіндіруде аталған іс-шараның маңызы өте зор. Блиц-турнир алты бекеттен тұрды:
1) Үй тапсырмасы
2) Үміт
3) Қызықты грамматика
4) Үміт еткен достарым
5) Жырмен жырланған жүрек
6) Дарын.
Аталған іс-шараға 7-сыныптардан қатысқан “Жалын жастары” және “ Үміт ұландары’ топтарынан “Үміт ұландары” тобы оза шауып, бәйге алып, алдыға шықты, екі топ та мақтау қағаздарына ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермагамбетова Меруерт Кайыркенкызы осы білім жарысын жүргізіп, оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырды.
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,-деп ақын жырлағандай, ана тілімізді қадірлеп, құрметтеп сүйе білейік!






































































































