«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қостанай облысындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
аясындағы интерактив алаңдары

2026 жылғы 13 ақпанда «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы аясында «Ұстаздан – ұрпаққа: даму мен жаңашылдық» атты көрме өтті. Көрмеде Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты педагогтерінің авторлық жұмыстары, Action Research және Lesson Study бағытындағы тәжірибелері таныстырылды.
«Sanaly Urpaq» және «Сырлы өнер – сан ғасырдың ізі» алаңдарында жас зерттеушілердің ғылыми жобалары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылып, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен көркемдік талғамын айқындайтын мазмұнды еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы бастамалар таныстырылып, «Оқушының жеке дамуындағы бірлескен әрекеттің маңызы» тақырыбында БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі мектеп пен қоғамның өзара ықпалдастығы арқылы білім алушыны әлеуметтендіру тетіктерін ұсынды