Оқушылар облыстық телеарнада
«Qostanai» телеарнасына Ыбырай мектебінің шәкірттері экскурсияға келді.
«Мамандық әлеміне саяхат» жоба аясында оқушылар облыстық арнаның жұмыс барысымен танысты.Шығармашылық ұжымның музейі мен студияларын аралап, тележүргізушілермен кездесті.Дыбыс режиссерінің және монтаж желісінде өңделетін материалдардың мән жайын түсінді.Тоғызыншы сынып оқушылары журналистика мамандығы жайлы тереңірек біліп, қызығушылықтары арта түсті.





























































































