«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылдың 17 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» «Өзге тілді білу - әлемді өзге қырынан көрумен тең» атты лингвистикалық пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталық сәуір айының 17 – 21 аралығында өтеді. Апталықтың мақсаты - лингвистикалық пәндер бойынша сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі, шығармашылық қабілеттері мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталық барысында Сіздер мектеп мұғалімдері арасында «Genius», 5-сынып оқушыларына арналған “Treasure Hunting”, 6- сынып оқушыларымен «Брейн-ринг», 7- сынып оқушылары арасында «Полиглот» сынды түрлі интеллектуады ойындар мен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Парад Литературных Героев» атты сахналық қойылымға куә боласыздар. Келіңіздер, бірге тамашалайық!