«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2025 жылдың 5 қарашасында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Үміт еткен достарым» блиц-турнир өтті. Бұл білім сайысына Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты оқушылары қатысты. Білім додасы «Жалын жастары» және «Үміт ұландары» екі топ арасында жүргізілді. Командалар 6 бекеттен тұратын сайыста өз білімдерін, өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Тапсырмалар қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне қатысты болып, Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріне негізделді. Сайыстың соңғы кезеңінде қатысушылар «Ең қымбат қазына» тақырыбында эссе бойынша сынға түсті. Қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, мақтау қағазымен марапаттады.