Өмірлік тұрақтылық – табыстың кілті!
5-8 сынып оқушыларына арналған «Өмірлік тұрақтылық пен күйзеліске төзімділікті дамыту» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
Тренингтің басты мақсаты – оқушыларды қиын жағдайларда сабыр сақтауға, эмоцияларын басқаруға және дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- түрлі қызықты жаттығулар орындады
- практикалық тапсырмалар арқылы өз дағдыларын дамытты
- өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты
Болашақта да осындай маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады!




























































































