Мектебіміздің аға тәлімгерін Туребаева Сабина Жангельдиновнаны кезекті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
10 наурыз күні Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Сабина Жангельдиновна мектебіміздің абыройын асқақтатып, ерекше грамотамен марапатталды.
Олимпиада барысында ол мектебіміздегі Мектеп парламентінің жұмыс жүйесін жоғары деңгейде таныстырып, өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдей білді. Шығармашыл ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен тың идеялары республикалық деңгейде жоғары бағаланды.
Сабина Жангельдиновнаға сарқылмас қуат, шығармашылық табыс және жаңа белестер тілейміз!






































































































