Мектебімізде оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету мақсатында маңызды дәріс және тәжірибелік көрсетілім ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Каукен Ғасырбек Ардақұлы және Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің Қостанай облысы бойынша филиалының өкілі Хайретдинов Андрей Анасович арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Дәріс барысында оқушылар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, практикалық көрсетілім арқылы нақты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.
Осындай пайдалы кездесулер оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады




























































































