Мектебімізде дарынды оқушылармен тағылымды кездесу өтті
Мектеп директоры халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының қатысушыларымен, сондай-ақ спорттық жарыстарда мектеп намысын абыроймен қорғап жүрген оқушылармен арнайы еркін форматтағы кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім мен ғылымға құштар, өнер мен спортта биік белестерді бағындырып жүрген жас өрендер өз жетістіктері мен тәжірибелері туралы ой бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттері жайында пікір алмасты.
Өз кезегінде мектеп директоры дарынды оқушылардың табандылығы мен еңбегін жоғары бағалап, олардың әр жетістігі – мектеп мерейі мен ел болашағының жарқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларда сәттілік тілеп, жаңа жеңістер мен биік белестерге жететініне сенім білдірді.
Білім мен ғылымға ұмтылған, спорт пен өнерде топ жарып жүрген шәкірттерімізге толағай табыс тілейміз!





























































































