Маусым айының 14 күні облыс бойынша жалпы білім туралы аттестатты табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Бүгін мектебімізде түлектерге арналған «Қош бол, аяулы мектебім!» атты салтанатты іс-шара өтті!
47 түлек мектепті бітіріп, жалпы білім туралы аттестат алып, мектебімізден түлеп ұшты.
2 түлек білім алудағы үздік жетістіктері үшін «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, білім алушылар жекелеген пәндер бойынша жетістіктері үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды!
Құрметті Түлек-2024, Сіздерге жарқын болашақ, бастамаларыңызға сәттілік, ақ жол тілейміз!
Жолың болсын, жас түлек!







































































































