«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ақпан айының 21 күні қазақ тілі пәні бойынша «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» мақсатында LS сабақтар тізбегінің жоспарға сай ІІ айналымы өтті.

Сабақты 9 А сыныбында Нугуманов А.К. «Гендік инженерия әдістері» тақырыбында өткізді. Сабақтың оқу мақсаты : Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдау және Өз көзқарасын білдіре отырып, сыни тұрғыдан баға беру болды. Сабақта оқушылар сабақ мақсатына сәйкес топтық, жұптық, жеке жұмыс жасады. Топтық жұмыста А және Ә мәтіндерін салыстырып, жұптық жұмыста мәтіндерді «СВОТ» әдісі арқылы талдап, жеке жұмыста берілген 3 сұрақтың біреуін таңдап , жазбаша жауап берді. Әр тапсырмадан кейін топтар бір - бірін бағалады. Кері байланыс жүріп отырды. Сабақты бақылаушылар: мектеп әкімшілігі - Тоқтамысова Г.К. қазақ тілі пәні мұғалімдері: Тасанова Г.М. Булекбаева Ж.С. Мағзұм Г.Ә. Сабақтан кейін сабақ талқыланды, ІІ айналымның қорытындысы шығарылды.